Ссылки доступа

Өзбекстанда тарихи мешіттің сүрілуіне байланысты іс қозғалды


Марғилондағы "Қожа Порсо" тарихи мешітінің сүрілуіне байланысты бірнеше шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Өзбекстан бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдинов хабарлады.

Бұның алдында жергілікті ақпарат құралдары 1869 жылы салынған мешіт сүріліп, оның орнына жаңа ғимарат салынғанын хабарлаған.

Ферғана облысының әкімшілігі мешіттің 1869 жылы емес, 1918 жылы салынғанын, оның іргетасы отырғанын мәлімдеген. Мамандар ғимараттың қауіпсіздік талаптарына сай еместігін анықтаған. Сол себепті мешітті бұзып, оның орнына жаңа ғимарат салу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады аймақ әкімдігі.

Кейін мәдени мұра агенттігі қызметтік тексеру нәтижесін жариялады.

2019 жылы министрлер кеңсесі "Қожа Порсо" мешітін Материалдық мәдени мұра тізіміне енгізген.

XS
SM
MD
LG