Ссылки доступа

Ташкентте бір топ адам пышақтасқан (видео)


Өзбекстан астанасында жаппай төбелеске қатысқандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Ташкент милициясының хабарлауынша, оқиға 31 қазанда түнгі сағат 22:00 шамасында Юнусабад ауданында болған.

Төбелес кезінде түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды. Милиция оған кімдер қатысқанын анықтады.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, қыркүйек айының соңында Ташкентте екі мектептің оқушылары төбелесіп қалды. Олар да пышақ қолданған.

XS
SM
MD
LG