Ссылки доступа

Тәжік құқық қорғаушысы Иззат Амонның туыстары Жоғарғы сотқа шағымданды (видео)


Мухаммадюсуф Холов
Мухаммадюсуф Холов

Тәжік мигранттарының құқығын қорғаушы Иззат Амонның ұлы әкесінің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот үкімімен келіспейтінін, Жоғарғы сотқа арызданғанын айтты.

Иззат Амонды тәжік соты алаяқтық жасады деген айыппен соттады. Сотталушының ұлы Мұхаммадюсуф Холоның Озоди радиосына хабарлауынша, билік әкесін арызданушының біріне 232 сомони төлемегені үшін ғана түрмеге отырғызған.

Сот үкімімен келіспеген ол Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсіргенін айтты.

Душанбе қалалық соты 19 қазанда Иззат Амонды тоғыз жылға соттады, бірақ сот үкімі жарияланған жоқ. Сотталушының туыстары істің саяси астары бар деп есептейді.

Мұхаммадюсуф Холовтың айтуынша, арызданушының біріне Иззат Амон 232 сомони (шамамен 2000 рубль) төлеуі тиіс болған. "Бірақ ол Тәжікстанда жоқ, Ресейде жүр. Судья бізге ақшаны оның атына "депозитке" салып, чек әкелуімізді сұрады. Біз солай жасадық, бірақ сот үкімі шыққанда 232 сомониді жәбірленуші алған болып шықты, әкемді сол үшін түрмеге отырғызды. Үкім жалғыз ғана адамның шағымы негізінде шығарылған. Сот барысында бірнеше шағымданушы ақшадан да, арыздан да бас тартты. Әкем айыптаулармен келіспеді", - дейді Иззат Амонның ұлы.

Сын Иззата Амона рассказал, почему его отца не амнистировали
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:10:58 0:00

Мигранттардың құқығын қорғаушының ұлы парламент төрағасы Рустам Эмомали мен президент апаратының жетекшісі Озод Рахмонға үндеу жолдап, істің әділ қаралуын сұрады. "Әкемді тоғыз жылға отырғызған судья жауапқа тартылсын", - дейді сотталушының ұлы.

XS
SM
MD
LG