Масктің сенбі күні твиттерде жариялаған сауалнамасына 3,5 миллионнан астам қолданушы қатысты, - деп хабарлады "Америка дауысы".
"Сауалнаманың екі нәтижесіне де дайын болдым", – деп мәлімдеді Маск.
Маск Tesla компаниясы акцияларының 23 пайызына ие. Tesla – әлемдегі ең ірі автомобиль компаниясы. Оның нарықтағы құны жақында 1 триллион доллардан асты. Reuters есебі бойынша, Маск акцияларының 10 пайызы шамамен 21 миллиард доллар болады.
Сенаттағы демократтар миллиардерлердің акциялары мен сауда активтеріне салық салуды, содан түскен қаражатты президент Джо Байденнің әлеуметтік бағдарламаларына құюды ұсынды.
Маск бұл ұсынысты сынап: "Күндердің күнінде өзгелерден алған ақшасы таусылып, олар сенің ақшаңа ортақтасуға келеді", - деп мәлімдеді.