Ссылки доступа

Қырғызстанда оқитын тәжік студенттерін елден шығармай жатыр (видео)


Таджикским студентам вузов Кыргызстана не разрешают выехать из страны. Почему?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:25 0:00

Қырғызстан жоғары оқу орындарында оқитын тәжік студенттері оқуға бара алмай қалды. Қазанда қырғыз үкіметі Тәжікстаннан келетін студенттерге шекараны ашқан, алайда тәжік билігі оларды шекарадан өткізбеді.

"Тәжік шекарашылары бізге көрші елге өтуге рұқсат бермейді. Шекарашылар тәжік азаматтарын өткізуге жарлық түспеді дейді. Қырғызстан билігі біздің қауіпсіздігімізге кепілдік берген жағдайда ғана шекарадан өткізе алатындарын айтты. Студенттердің бәрі Тәжікстаннан шығуға рұқсат күтіп жүр", - дейді Қырғызстанда оқитын студент Файзиддин Бобоев.

Студенттердің айтуынша, олар жоғары оқу орындарынан шекара ашық екені туралы хат алған. Енді олар сабаққа қатысуы тиіс.

Жақында Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметі де елде оқитын тәжік студенттері де шекарадан өте алатынын хабарлаған.

21 қазанда Қырғызстан үкіметі Тәжікстаннан келетін студенттерді шекарадан өткізуге рұқсат берген.

Студенттердің екі ел арасында қатынауы биыл мамырдың соңында тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжалдан соң қиындап кетті.

Қырғызстан билігінің мәліметінше, Бішкек, Баткен және Ош қалаларында 1932 тәжік студенті оқиды.

XS
SM
MD
LG