Ссылки доступа

Түркіменстанда оқытушылар әлеуметтік желіні қолданбауға қолхат беріп жатыр


Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі Түркімен мемлекеттік мәдениет институтының оқытушылары жергілікті биліктің өкілдеріне әлеуметтік желіні, оның ішінде Инстаграм мен Фейсбукты қолданбауға қолхат беріп жатқанын жеткізді.

Ақпаратқа қарағанда, басқа оқу орындарында да осындай жағдай болып жатыр.

Қолхатта оқытушылар IMO мессенжерін де қолданбауға міндеттеме алған.

"IMO мессенжері арқылы смс хабар ғана жіберуге болады. Сурет және видео жіберуге тыйым салынады",- деді ашғабадтық тұрғындардың бірі.

Оқытушыларға тек электрондық пошталарды қолдануға ғана рұқсат берген.

Түркіменстанда соңғы күндері әлеуметтік желіге бақылау күшейтіліп, интернетке шектеу енгізілді. Өлкеде Facebook, Instagram, Twitter бұғатталған. Оларға тек VPN серверлердің көмегімен ғана кіруге болады. Билік VPN серверлерді қолданғандарды және оны азаматтарға орнатып бергендерді қуғындап жатыр.

XS
SM
MD
LG