Ссылки доступа

Сингапур билігі COVID-19 вирусына қарсы вакцина алмағандарды ақылы емдейді


Сингапур үкіметі 8 желтоқсаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцина алмаған азаматтарды емдеуден бас тартады деп мәлімдеді елдің денсаулық сақтау министрі Онг Е Кунг.

"Денсаулық сақтау министрлігі вакцинадан бас тартқан азаматтардан COVID-19 вирусынан емделгені үшін ақы алады", – деді Кунг.

Бұл ескертудің 12 жасқа дейінгі балаларға қатысы жоқ.

The Straits Times басылымының хабарлауынша, коронавирусқа шалдығып, жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың дені COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырмаған.

Сингапурде былтыр желтоқсан айынан бастап халқына вакцина сала бастады. Pfizer және BioNTech вакцинасын медициналық қызметкерлер мен қарттар ала бастады. Кейін Moderna компаниясы әзірлеген вакцинаны да мақұлдады.

8 қарашадағы мәлімет бойынша, Сингапурде тәулігіне 2470 адам ауырған. Вакцинаны халқының 85% алған.

XS
SM
MD
LG