Оздолик радиосының тілшісімен сөйлескен журналист 9 қарашада оны "Жібек Жолы – Гишт-Куприк" бақылау бекетінен Ташкент әуежайына алып барып, күшпен Түркияға жөнелткен.
Өзбекстан билігі польшалық журналисті не себептен еліне кіргізбегенін түсіндірмеді.
The Guardian, Al Jazeera, The Diplomat және Eurasianet басылымдарында істеген Пикулицка биыл ақпан айында Өзбекстанның СІМ қызметкері өзіне әлімжеттік көрсеткенін, кейін аккредитация алу кезінде қысым болғанын мәлімдеген.
Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі жазда Пикулицканың аккредитациясын әрі қарай созбайтынын хабарлады. Мекеме журналист "елдің заңдарын бұзды" деп түсіндірді.