Ссылки доступа

Өзбекстанда 6 млн долларға тұрғызылған Тәуелсіздік монументі қайта салынып жатыр


я.

Ташкент облысының Кибрай ауданында екі ай бұрын салынған Тәуелсіздік монументін бұзып, қайта тұрғызып жатыр. Озодлик радиосы дереккөзінің мәліметінше, монумент құрылысына бюджеттен 6 млн доллар жұмсалған.

Озодлик радиосына жіберілген суреттен монументті қайта бұзып жатқанын көруге болады.

Биіктігі 60 метр монументтің жобасын түріктің "Outdoor Factory – Acik Hava fabrikasi" компаниясының дизайнері Синан Тураман жасап шыққан.

Синан Тураман монументтің асығыс салынғанын мойындады. 63 күннің ішінде тұрғызылған. Ол қайта жөндеу жұмысына қосымша шығын кетпейді деп отыр.

Тәуелсіздік монументі орналасқан "Жаңа Өзбекстан" саябағын Егемендік күні қарсаңында президент Шавкат Мирзияевтің өзі ашқан.

Дереккөздің мәліметінше, аталған монумент Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ашылуы керек болған. Бірақ сол кездегі президенті Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін жоба жүзеге аспай қалған.

Кейін жобаны Ташкент әкімі, президентке ең жақын адам Жахонгир Артыкходжаев жүзеге асырған.

XS
SM
MD
LG