Ссылки доступа

Ауған ұшқыштары Душанбеден ұшып кетті


Ауғанстан билігін "Талибан" қозғалысы басып алғаннан кейін Тәжікстанға қашып барған ауған ұшқықтары Душанбеден ұшып кетті.

АҚШ-тан тәжірибеден өтіп келген ауған ұшқыштары үшінші елге кетті. Ол жақтан Құрама Штаттарға жеткізілуі мүмкін.

АҚШ үкіметі ұйымдастырған рейс 10 қарашада түнгі 00.30-да ұшқан.

Тәжікстандағы АҚШ елшілігінің мәліметінше, олардың саны - 191. Арасында ұшқыштардың отбасы да бар.

XS
SM
MD
LG