Ссылки доступа

Түркіменстанда көліктердің түсіне қатысты талап қайта күшейді


  
 

Түркіменстанда көліктердің түсіне қайтадан талап күшейтілді. Ашғабадта соңғы екі аптадан бері күңгірт түстегі көліктер жаппай айыппұл тұрақтарына қойылып жатыр.

Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, әйнектері күңгірт ақ түсті көліктер де тоқтатылып, айыппұл тұрақтарына жеткізіліп жатыр.

Жол рейдтері облыстарда да жүргізіліп жатыр.

"Лебап облысында полиция дисктердің ашық түсті болуын талап етіп жатыр. Алюминий түсті, пластик тетіктер, оның ішінде жүк салатын есіктің тұтқасы да ашық түске боялуы қажет", - дейді жүргізуші.

8 қарашада ондаған адам Түркіменабад қаласындағы полиция ғимаратына барып, жүргізушілерге қысым көрсетіліп жатқанын айтып, наразылық білдірген. Сол күні акцияға шыққан ондаған адам Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің басқармасына жеткізілді.

Түркіменстан билігі күңгірт түсті көліктерді пайдалануға 2017 жылдың желтоқсан айында тыйым салған. 2019 жылдың аяғында қара түсті көліктерге қатысты шектеу біраз жұмсарған.

XS
SM
MD
LG