Ссылки доступа

Жапаров Түркияға сапарында бірнеше елдің басшыларымен кездеседі


11-12 қарашада Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жұмыс сапарымен Түркияға барып, Түркітілдес елдердің мемлекет басшыларының кеңесіне қатысады.

Бұл саммите кеңес Түркітілдес елдердің ұйымы деп өзгертіледі деп күтіледі. Сонымен бірге "Түркі әлемі –2040" деген құжат қабылданбақ.

Қырғыз президенті сапары барысында Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Венгрия елдерінің басшыларымен кездеседі.

Биыл маусым айында Садыр Жапаров Түркияға ресми сапармен барған. Онда басты келіссөздердің бірі түрік-қырғыз экономикалық қарым-қатынасты дамыту болған. Бұдан бөлек Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетуге қол жеткізген.

XS
SM
MD
LG