Ссылки доступа

Тәжікстаннан кеткен ауған ұшқыштары БАӘ-ге жеткізілген (видео)


Ауған ұшқыштары ұшақтың ішінде

Ауғанстанда билікті "Талибан" қозғалысы басып алғаннан кейін Тәжікстанға қашып келген ауған ұшқыштары отырған ұшақ Біріккен Араб Әмірлігінің бас қаласы Абу-Даби әуежайына қонған.

10 қарашаға қараған түні АҚШ Тәжікстанда тамыз айынан бері паналап жүрген 200-ге жақын ауған босқынын, оның ішінде 143 ұшқышты өлкеден шығарып алып кеткен.

Озоди радиосымен байланысқан ұшқыштардың бірі Абу-Дабиде қонақ үйдің біріне жайғасқанын, енді АҚШ-қа қашан ұшатыны белгісіз екенін жеткізген.

Афганские пилоты покинули Таджикистан
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:57 0:00

10 қарашаға қараған түні Душанбе әуежайына барған Озоди тілшісі Тәжікстаннан ұшқыштардан бөлек тағы бірнеше ауған отбасы ұшып кеткенін хабарлаған. АҚШ жалпы Тәжікстаннан 250 ауған азаматын шығарып алуды жоспарлаған.

XS
SM
MD
LG