Ссылки доступа

Өзбекстанда оқушыны сабаған мұғалім жұмыстан шығарылды


Самарқанд облысы Пайарык ауданында 8 сынып оқушысын сабаған математика пәнінің мұғалімі жұмыстан шығарылды. Бұл туралы жергілікті басылымдар жазды.

Ақпаратқа қарағанда, мұғалім оқушыны кешігіп келгені үшін сабап, оның аяқ-қолы көгала болған.

Самарқанд облыстық білім беру басқармасының арнайы жұмыс тобы оқушының анасының өтінішін қарап, тексеру жүргізген. Нәтижесінде мұғалім жұмыстан алынған.

XS
SM
MD
LG