Ссылки доступа

Қазақстандағы электр тапшылығы және майнер фермалар (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Азия: Қазақстанда ревакцинация. (видео Настоящее время)​

- "Микрофонды аузыма тықпаңыздар". Дариға Назарбаева Лавров жайлы сұраққа не деді? (видео)

- Қазақстанға Pfizer екпесі келді. Бұл вакцина балаларға салынады (видео)

- Қазақстандағы электр тапшылығы және майнер фермалар (видео)

- Ресей нөмірімен жүрген көлік иелері Ақтөбеде де наразылық өткізді (видео)

- Польша-Беларусь шекарасына мыңдаған мигранттар жиналып, Еуропаға өтпек болды (видео)

- Жұрт полицияға сене ме? (видео)

- Лавров сөзі, Ресей көліктері, полицияға сенімсіздік (видео)

- Көш: үміт пен күдік. Моңғолия астанасы Улан-Баторда лауазым атқарып жүрген Мұхит Жақсылықұлы 1991 жылы әкесінің бір ауыз сөзінен кейін Қазақстанға көшіп келді. Бір өзі келмей, ондаған қазақ отбасын ертіп әкелді. Азаттық тілшісі Әсемгүл Мұхитқызы ол кезде 8 жаста болатын. Отыз жылдан кейін тілшіміз өткенін тергеп, көштің қалай болғанын баяндайды. (видео)

- Министр Ақтоты Райымқұлова "Дикий Арманның" бокс жарысындағы ісі туралы пікір білдірді. Таяуда Сербия астанасы Белградта бокстан әлем чемпионаты өтті. Жарыс күндері әлеуметтік желіде сол жақтан бір видео жарияланып, қазақстандықтар арасында қызу талқы тудырды. Онда Арман Жұмагелдиев есімді азаматтың ұтылып қалған қазақ боксшыларына сыйақы беріп жатқаны бейнеленген. Ел арасында "Дикий Арман" деген лақап атымен танымал Жұмагелдиев криминал әлемінің өкілі саналады. Азаттық мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловадан осы жағдай туралы пікірін сұрады. (видео)

- Қорғаста 1500 көлік кезек күтіп тұр​. Қазақстанның Қытаймен шекарасындағы "Нұр жолы" бекетінде 1500 көлік жүк қоймасына кезекте тұр. Жүргізушілер мұны Қытайдан жүктің өте баяу өтуінен көреді. Себебі көрші елде карантин күшейген. Ал кеденнен жүк алуға кіретін электронды кезекте 10 мыңнан астам көлік тұр. (видео)

- Ресейлік нөмірі бар көлік иелері бірнеше қалада наразылық білдірді. Қазақстанда ресейлік нөмірі бар көлік жүргізушілері бірнеше қалада наразылық білдірді. Арыз-шағымдарына қарағанда, соңғы күндері полиция оларды жаппай тексеріп, айыппұл салып, көліктерін алып кетіп жатыр. Бұны наразылар биліктің қарапайым халыққа көрсетіп отырған қысымы деп бағалайды.

- Талдыкөлде қоқиқаздарды іздеп жатыр. 4 қараша күні әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтандағы кіші Талдыкөл маңында суыққа тоңып, қалжыраған екі қоқиқаздың видеосы тарады. Көлге барған құтқарушылар құстарды таппай қалды. Қызыл кітапқа енген қызыл қоқиқаз балапандарын іздеуге ондаған адам жұмылдырылған. Бірақ қыс түскенге дейін жылы жаққа кетуі тиіс қос құс қамыс арасынан табылмай жатыр. (видео)

- Шетелдегі қаржысы бақыланатындар тізіміне Назарбаев отбасы ене ме? 4 қарашада сенат қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы және терроризмді қаржыландыруға қарсы бірнеше заңға өзгеріс енгізді. Өзгеріске сай, бұдан былай шененуіктер мен олардың отбасы мүшелерінің шетелдегі қаржы операциялары бақылауға алынады. Бақыланатындар тізіміне экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы ене ме? (видео)

- Тоқаев Пенжім оқиғасын "ұлтаралық жанжал" демейді, бірақ халықтар достығын нығайтуға шақырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы қазақ-ұйғыр басым түратын Пенжім ауылында болған жанжалдың ұлтаралық сипаты жоқ деп мәлімдеді. Тоқаев мұндай ақпарат таратқандарды арандатушылар деп атағанымен, елде халықтар достығын нығайту керек деді. (видео)

- Түркіменстан: апта суреттері. (фотокөрме)

- Қазақстанда ақындар жемқорлықты жырға қосты. (видео Директ)

- Климаттың жылынуын қаншалықты қиын? (видео Директ)

- Қырғыз кілемдеріндегі оюлардың мәні. (видео Настоящее время)​

- Пандемия туралы мақала жазғаны үшін сотталған қытай журналисінің жағдайы ауыр. (видео Настоящее время)​

- Азия 360°: қар барысына арналған орын. (видео Настоящее время)​

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

XS
SM
MD
LG