Ссылки доступа

БҰҰ комитеті Орхан Инандының ұрлануына байланысты қырғыз билігін сынға алды


БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитеті Орхан Инандының ұрланып, азапталып, Түркияға жеткізілуіне Қырғызстанның кінәсі бар деп есептейді.

"Қырғызстан Азаптауға қарсы конвенцияның 3-бабын орындамады. Бұл бап мүше-мемлекет азаматқа қауіп төніп тұрса, оны басқа елге қайтарып не беруге құқығы жоқ. Қырғызстан Орхан Инандының ұрлануын жіті зерттеген жоқ",- деп атап өткен.

Ұлттар Ұйымының сессиясында Орхан Инанды мен өзбекстандық журналист Бобомурод Абдуллаевтың, қазақстандық белсенді Мұрат Тұңғышбаевтың еліне қайтарылғаны да сынға алынып, Қырғызстан қуғынға алынған адамдарға саяси баспана берудің орнына, оларды азаптау күтіп тұрған өлкелерге қайтарып беретін мемлекет қатарында тұр деді.

"Сапат" білім беру мекемесінің басшысы Орхан Инандының ұрлану оқиғасында Қырғызстанның де кемшілігі барын президент Садыр Жапаров да айтқан.

Қырғыз азаматтығын алып, Бішкекте тұрып жатқан Орхан Инанды биыл 1 маусымда жоғалып кеткен. 5 шілдеде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған арнайы қызмет оны Анкараға алып келгенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG