Ссылки доступа

НАСА халықаралық ғарыш станциясына үшінші миссиясын ұшырды


Американың ғарыш агенттігі SpaceX компаниясының кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына үшінші миссиясын ұшырды.

АҚШ уақыты бойынша 10 қараша күні кешкісін (Алматы уақыты бойынша 11 қарашада сағат 08:03-де) Флоридадағы космодромнан "Фалькон-9" зымыран алып жүруші ғарышқа төрт астронавтпен "Крю Дрэгон" кемесін ұшырды.

"Эндьюранс" атындағы кеме 12 минөт 51 секунд өткеннен кейін, "Фалькон-9дан" ажырап орбитаға шықты. Ұшу жоспарына сәйкес, ол Халықаралық ғарыш станциясына бейсенбі күні АҚШ уақыты бойынша сағат 19:10-де (Алматы уақыты бойынша 12 қарашада сағат 06:10-де) қонуы керек.

"Крю Дрэгондун" экипаж құрамында астронавттар Раджа Чари, Том Маршбёрн, Кейла Бэррон және неміс ғарышкері Маттиас Маурер бар. Чари мен Бэррон Айға ұшу үшін НАСА-ның "Артемида" бағдарламасы бойынша дайындықтан өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG