Ссылки доступа

Тәжікстанда "Пайк" басылымы милиция қызметкерлерінің қысымына тап болғанын айтады


Тәжікстанның Хатлон облысындағы "Пайк" тәуелсіз басылымы қызметкерлеріне қысым көрсетіліп жатқанына арызданып, бас прокуратураға және президент әкімшілігіне хат жолдады.

Газеттің бас редакторы Ахмад Иброхимнің айтуынша, аймақтағы шенеуніктердің ішіндегі кемшіліктерді жазуды тоқтату үшін Куляб билігі қызметкерлерге түрлі қысым көрсетіліп жатыр.

Өткен аптада "Пайк" газетінде санитарлық жағдайы нашар балабақша жөнінде жазылған. Онда балаларда бит пайда болғаны, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ешқандай шара қолданбай жатқаны айтылған.

"Пайк" газетінің бас редакторы аталған мақала жергілікті биліктің шамына тиіп, содан бері қызметкерлерге қысым басталғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, 3 қарашадан бері милиция қызметкерлері сын мақаланың авторы Мухаммад Мусавиді аңдуға алып, әртүрлі сылтаумен үш рет үйіне барған.

Куляб қалалық ішкі істер басқармасының басшысы Файзулло Нозимзода жергілікті тілшілерге ешқандай қысым көрсетілмегенін білдірді.

Кулябда "Пайк" газеті он жылдан бері шығады. Бұл Хатлон облысындағы жалғыз тәуелсіз басылым.

XS
SM
MD
LG