Ссылки доступа

Пәкістанда Ауғанстандағы жағдай бойынша халықаралық жиын өтіп жатыр


Исламабадта Ауғанстандағы жағдай бойынша халықаралық жиын өтіп, оған АҚШ, Ресей, Қытай және Пәкістан өкілдері қатысып жатыр.

Оларға тәліп үкіметіндегі сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Хан Мутакки да қосылуы мүмкін. Ол 10 қарашада Исламабадқа барған. Бұл тәліптер Ауғанстандағы билікті басып алғаннан кейінгі "Кеңейтілген үштіктің" алғашқы отырысы.

10 қарашада Ауғанстандағы жағдай бойынша жиын Үндістан астанасында өткен. Оған Орталық Азия елдерінің, Иран және Ресейдің қауіпсіздік қызметінің ресми өкілдері қатысты.

Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманкулов сөзінде экстремизм мен сепаратизмге қарсы күресте бірге қызмет істеуге шақырып, Ауғанстандағы гуманитарлық ахуалға алаңдаушылығын білдірді.

Жиын соңында Ауғанстан бойынша Дели декларациясы қабылданды.

Онда радикализацияға, экстремизм мен сепаратизмге, есірткіні заңсыз тасымалдауға қарсы бірге жұмыс істеу мәседесі қамтылған. Конференцияға қатысушылар Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарыс бойынша алаңдаушылығын білдірген.

XS
SM
MD
LG