Ссылки доступа

Тәжікстанда екі сотталушы президентке хат жазғаны үшін карцерге жатқызылды


Зубайдуллохи Розик (сол жақта) және Рахматуллои Раджаб
Зубайдуллохи Розик (сол жақта) және Рахматуллои Раджаб

Ұзақ мерзімге сотталған "Исламның қайта жаңғыруы" партиясының белсенділері Зубайдуллохи Розик пен Рахматуллои Ражаб айып изоляторына кіргізілді.

Рахматуллои Ражабтың әйелі Валамат Иброхимзоданың хабарлауынша, апта басында күйеуімен телефон арқылы сөйлескен кезде ол Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға жолдаған хаты үшін карцерге қамалғаны жатқанын айтқан.

Зубайдуллохи Розиктың туыстары болса, оның жасы үлкен кісі екенін, оған қиын болатынын жеткізді.

"Түзету мекемелеріндегі айып изоляторы өте шағын, жылы су жоқ және жарық жеткіліксіз. Тамақ сапасы нашар. Біз оларды тезірек кәдімгі камераларға ауысын қалаймыз", - деді Зубайдуллохи Розиктың ұлы Билолиддин.

Тәжікстанның Жазаны атқару басқармасы қызметкерлерінің бірі Зубайдуллохи Розик пен Рахматуллои Ражаб колония басшысымен келіспей, президент Эмомали Рахмонға хат жолдаған.

"Бұл түрме режимін бұзуға жатады" деді ол.

28 және 25 жылға сотталған Рахматуллои Ражаб пен Зубайдуллохи Розик Рахмонға жолдаған ашық хатында олардың ісіне "құпия" деген мөр басылғанына қарамастан, 99 беттен тұратын сот үкімі интернетте жарияланғанын және халықаралық қоғам ақиқатты біліп, оларды саяси тұтқын ретінде атағанын жазған.

"Исламның қайта жаңғыруы" партиясына 2015 жылы бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары Абдухалим Назарзода ұйымдастырған бүліктен кейін тыйым салынған. Партия өкілдеріне билікті басып алуға қатысы болды деген айып тағылды. Партияның жүзден астам өкілдері сотталды. Ал партия жетекшісі Мухиддин Кабири бұл айыптауларды шетке қағады.

XS
SM
MD
LG