Ссылки доступа

Лондон сотында Иранда 300 адамның өмірін алған наразылық бойынша тыңдау басталды


11 қарашада Лондондағы Құқық қорғау трибуналы 2019 жылдың қарашасында 300-ден астам адамның өмірін алған Ирандағы билікке қарсы наразылық бойынша куәгерлерді тыңдай бастады.

Халықаралық тыңдау 14 қарашаға дейін жалғасады. Онда комиссия Иранда орнаған теократиялық биліктің әрекетін "адамзатқа қарсы жасалған қылмыс" деп болатын-болмайтынын анықтайды. 160-тан астам куәгерлік етеді. Нәтижесі келесі жылдың басында жариялануы тиіс.

Құқықтық мәртебеге ие емес трибуналды үш құқық қорғау тобы – Лондондағы "Иран үшін әділеттілік", Ослодағы "Иран адам құқықтары", Париждегі "Өлім жазасына қарсы бірігу" бастама көтерген. Бұл топтар Иран билігін 2019 жылдағы адам өлтіру бойынша жауапқа тартуды көздейді.

Ирандағы митингтер 2019 жылы 15 қарашада басталды. Наразылыққа бензин бағасының көтерілуі себеп болды. 100-ден астам қаланың халқы бірден көтерілді. Олар Иран лидерлеріне, оның ішінде рухани лидер аятолла Али Хаменеиге қарсы ұрандар айтқан.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне қарағанда, иран билігі наразылыққа шыққан және жәй көшелерден өтіп бара жатқан адамдарға күш көрсетіп, оларды жауапқа тартқан. Үкімет интернетті бірнеше күнге өшіріп тастады.

XS
SM
MD
LG