Ссылки доступа

Польша: Turkish Airlines Беларусьқа Ирак және Сирия азаматтарын жеткізбейді


Түркияның Turkish Airlines әуе компаниясы Ирак, Сирия, Йеменнің дипломатиялық төлқұжаты барынан бөлек азаматтарын Беларусьқа тасымалдамайды. Осылай деп Польша президентінің канцелярия өкілі Якуб Кумох Твиттерге жазды. Бұл келіссөз барысында шешілген.

Ирак, Сирия және Йемен азаматтары беларусь-поляк шекарасындағы мигранттардың басым бөлігін құрайды.

Польшаның ақпарат құралдары Еуроодақ өзіне мүше емес өлкелермен мигранттардың Минскіге келуін тоқтату жөнінде сөйлесіп жатқанын хабарлады.

Turkish Airlines бұл шектеулер жөнінде мәлімет бермеді.

Turkish Airways Ресейдің "Аэрофлот" әуе компаниясымен бірге мигранттарды Беларусьқа жеткізуге қатысы бар деп саналып, санкцияға түсуі мүмкін екені айтылған. "Аэрофлот" болса мигранттарды тасуға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Соңғы айларда Таяу шығыс, Оңтүстік Азиядан және Африкадан шыққан мыңдаған мигранттар Еуроодаққа мүше болған Польша, Латвия және Литваның аймағына Беларусь арқылы заңсыз кіруге әрекет етіп жатыр.

XS
SM
MD
LG