Ссылки доступа

Каддафидің ұлы Ливия президенттігіне үміткер ретінде тіркелді


Сейф әл-Ислам 2011 жылы.

Ливияның қайтыс болған диктаторы Муаммар Каддафидың ұлы Сейф әл-Ислам жексенбі күні президенттікке үміткер ретінде тіркелді. Ливия тарихында бірінші рет тікелей президент сайлауы 24 желтоқсанда белгіленген.

10 жыл бұрын Сейф әл-Исламның әкесі ондаған жыл Ливияны билеп көтеріліс арқылы тақтан шеттетілген. Батыс елдерінің әуе соққысынан ол қайтыс болған. Содан бері Ливияда азаматтық соғыс жалғасып келді. Елдің батысы мен шығысы әлі күнге дейін әртүрлі күштердің ықпалында. Тек биыл ғана сайлау өткізіп, бір үкімет құруға келіскен.

Тақ мұрагері ретінде аталып келген Каддафидің ұлы әкесі қайтыс болғаннан кейін қарулы топтың бірінде тұтқында болды. Триполида оны өлім жазасына да кескен. Бірақ кейін сот үкімі жойылып, ол бостандыққа шыққан. Ол соңғы жылдары мүлдем көрінбей кеткен. Тек анда-санда батыс басылымдарына сұқбат берген.

BBC-дің жазуынша, Каддафи Ливияда әртүрлі ортада танымал тұлға болып қала береді. Бірақ оның әкесі құрған режимді жек көрушілер өте көп.

Каддафиден бөлек сайлауға генерал Халифа Хафтар, премьер-министр Абдудхамид әл-Дбейб, Бенгазидегі парламент спикері Агила Салех қатысып жатыр.

XS
SM
MD
LG