Ссылки доступа

Тәжікстанда халықтың 40% ковидке қарсы толық вакцина алды


Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, халқының жасы 18-ден асқан 47 пайызы коронавирусқа қарсы екпенің бірінші кезеңін алған. Ал толық екі кезеңді де алғандар 39 пайызды құрайды.

Душанбе қаласы бойынша ересек адамдардың бәрі дерлік, яғни 100 проценті вакцина алған.

Соңғы айларда тәжік билігі коронавирусты жеңдік деп мәлімдеп келді. Бірақ соңғы төрт күнде үш адамнан вирус анықталған.

XS
SM
MD
LG