Әскери жаттығудың мақсаты – бірлескен тапсырманы орындау кезінде екі елдің қарулы күштерінің жоғары деңгейде өзара әрекет етуі.
Қазақстан тарабынан 100-ден астам сарбаз қатысады. Сонымен бірге көп функционалдық Су-30СМ техникасы мен С-295 әскери-көлік ұшағы және ұшқышсыз ұшатын аппаратты жаттығу кезінде қолданбақ.
Осының алдында Жамбыл облысындағы "Мәтібұлақ" полигонында өзбек әскерлерінің қатысумен бірлескен "Щит-2021" жаттығуы өткен.