Ссылки доступа

ИМ Кабулда ауған журналисі қаза тапқан жарылысты мойнына алды


Ауғанстан астанасы Кабулда болған жарылыстан танымал тележурналист қаза тапты.

Жарылыс хазарей-шииттер тұратын ауданда болған. Жарылысты "Ислам мемлекеті" террористік тобының "Хорасандағы Ислам мемлекеті" филиалы мойнына алған.

Ауғанстандағы журналистер орталығы Twitter парақшасына жарылыстан "Ариана ньюс" арнасында жұмыс істеген журналист Хамид Сейганидің қаза тапқанын хабарлады. Оның өлімін журналистің әйелі растаған. Ол Facebook парақшасына "Хамидті жоғалттым" деп пост жазды.

Хазарей-шииттер тұратын аудан ИМ тарапынан бірнеше рет шабуылға ұшырады. Экстремистік топтар шиит азшылық өкілдерін "жолдан жаңылғандар" деп есептейді.

XS
SM
MD
LG