Ссылки доступа

Ресейде тәжік мигранттары тұратын вагонға өрт қойылған оқиғаны тергеп жатыр (видео)


Ресейдің Иркутск облысы Залари ауылындағы құрылысшылар тұратын вагонға қойылған өрттен 21 және 19 жастағы екі тәжік азаматы қайтыс болды. Олар - Файзабада тумасы Хасанзода Насимжон мен Гиссар тумасы Сироджиддин Амонулло.

Ресейлік басылымдардың жазуынша, 12 қарашада жергілікті тұрғындар мен мигранттар арасында болған қақтығыстан тағы бес тәжік азаматы зардап шеккен. Прокуратура "қатыгездікпен адам өлтіру" бабы бойынша тергеуді бастаған.

Иркутскідегі тәжік диаспорасының жетекшісі Алишер Шириновтің сөзінше, оқиға болған аймақтағы үш вагонда 15 тәжік мигранты тұрып жатқан. Оларға түнде ұйықтап жатқан кезде шабуыл жасалған.

Глава таджикской диаспоры в Иркутске обращается к мигрантам: не предпринимайте актов возмездия
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:06 0:00

"Интерфакс" агенттігі құқық қорғау органдарына сілтеме жасап, жанжал жергілікті екі тұрғын мен құрылыста жұмыс істейтін алты тәжік мигранты арасына туындағанын жазады. "Кейін жергілікті тұрғындар мигранттар тұрып жатқан вагонға өрт қойған. Қазір қақтығысқа қатысқан барлық азаматтар анықталды", - деген дерекөз.

Алайда Иркутскідегі тәжік диаспорасының жетекшісі Алишер Шириновтің айтуынша, дүкен алдында жергілікті тұрғындар екі тәжік мигрантын балағаттаған. "Олар орыс тілін нашар білетіндіктен, танысын шақырған. Ол келіп басу айтуға тырысқан. Сол жерде төбелес басталып кеткен. Кейін бәрі тараған. Бірақ сол түні 20-30 адам келіп, мигранттар жатқан вагонды өртеген", - дейді ол.

"Московский комсомолец" газетінің жазуынша, жанжал мигранттардың жергілікті екі қызбен сөйлеспекші болған әрекетінен туындаған. Бірақ сарапшылар жанжалдың түбінде Ресейдегі ксенофобия жатыр деп біледі.

Жыл сайын Тәжікстаннан Ресейге бір миллионға жуық азамат ақша табу үшін аттанады. Былтыр Ресейден Тәжікстанға 300 мигранттың денесі жеткізілді. Өлім себебі әртүрлі - қайғылы оқиға, жол апаты, дерт, қасақана кісі өлтіру т.б.

XS
SM
MD
LG