Ссылки доступа

Тәжікстанда зиялы қауым президенттен Душанбедегі Айнидің музей-үйін сүрмеуді сұрайды


Музей үйдің алдында орналасқан Садриддин Айнидің мүсіні

Тәжікстанда төрт бірдей шығармашылық ұйым, оның ішінде Жазушылар одағы да бар ел президенті Эмомали Рахмонға ашық хат жолдап, Садриддин Айнидің музей-үйін сүрмеуді сұраған.

Озоди радиосының редакциясына келген құжатқа сәйкес, өткен аптада Душанбе әкімінің орынбасары Ғалымдар академиясы президентінен музейді басқа мекемеге ауыстыруды ұйымдастыруын сұраған. Әкімдік музей сүріліп, жаңа талапқа сәйкес қайта салынады деп түсіндірген.

Бірақ зиялы қауым Тәжікстанның әдебиет, өнер саласына өлшеусіз еңбек сіңірген Айнидің өзі тұрып, жұмыс істеген үйі бұзылмауы керек деп есептейді.

Тәжік ақын-жазушыларының наразылығынан кейін әкімдік музейді сүру мәселесі әлі толық шешілмеді деп мәлімдеді.

Бірақ тәжік қоғамында Айнидің музей-үйін сүруге байланысты пікірталас әлі жүріп жатыр. Тәжік саясаттанушысы Парвиз Муллоджонов Facebook парақшасына Айнидің музей-үйі тек ғимарат ғана емес, мемлекеттің белгісі деп жазды.

XS
SM
MD
LG