Ссылки доступа

Қырғызстан сайлау кезінде электронды әмиянға бақылау жүргізеді


Орталық сайлау комиссиясы электронды әмиян арқылы сайлаушылардың дауысын сатып алу қаупін алдын алу үшін арнайы отырыс өткізді.

Оған Ұлттық банк, коммерциялық банк және қаржыны бақылау қызметінің өкілдері қатысты. Нәтижесінде төмендегідей шешім қабылданды:

  • Орталық сайлау комиссиясы, Ұлттық банк, коммерциялық банктер және қаржыны бақылау қызметі сайлау кезінде және сайлау өткеннен кейін екі апта ішінде банк төлемдеріне, мобилдік байланыс операторларына және мобилдік тіркемелер арқылы төлемдерге бақылу жүргізеді. Белгілі бір уақытта бірдей сомада жаппай жүргізілген төлемдер күмәнді болып есептеледі.

Қырғызстанның Қылмыстық кодексіне сәйкес, сайлаушылардың дауысын сатып алғандарға 260 мың сомға дейін айыппұл салынып, 2 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылады.

Қырғызстанда парламент сайлауы 28 қарашада өтеді. 90 орынның 54-і партиялық тізім арқылы, қалған 36-сы бір мандатты округ арқылы сайланады. Соңғы парламент сайлауы былтыр қазан айында өткен. Сайлау соңы наразылыққа ұласып, мемлекетте биліктің ауысына әкелді.

XS
SM
MD
LG