Ссылки доступа

Өзбекстан мен Еуропалық одақ Ауғанстанға көмектесу үшін Термез қаласында хаб құрмақ


Өзбекстан мен Еуропалық одақ (ЕО) Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету үшін Термез қаласында хаб құруды жоспарлап жатыр. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, 15 қарашада Өзбекстан президентінің және ЕО-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілдері — Исматулла Иргашев пен Томас Никлассон Брюссельде кездесіп, ауған мәселесін талқылаған.

"Никлассон Ауғанстаннан ЕО-ға мүше елдердің азаматтарын эвакуациялау кезінде Өзбекстанның көмегін жоғарып бағалап, бұдан әрі де Ауғанстанда бейбітшілік және тұрақтылық орнатуда белсенді әріптестік орнатуға дайын екенін білдірді", - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте.

Бұдан бөлек тараптар Ауғанстандағы жаңа билік бойынша және өлкеде гуманитарлық дағдарысқа жол бермеу мақсатында халықаралық ұстаным жобасын әзірлеу жөнінде пікір алмасқан.

Осыған дейін БҰҰ Ауғанстанға Өзбекстан арқылы гуманитарлық көмек беру жөнінде шешім қабылданғанын хабарлаған.

Биыл қазанда Termez Cargo Centre логистикалық орталығы БҰҰ-ның Босқындар істері бойынша жоғарғы комиссарының Ауғанстанға жөнелтілген 100 тоннадан астам гуманитарлық көмегін қабылдаған.

XS
SM
MD
LG