Қазір Бішкекте көмір шектеумен сатылып жатыр. Бір отбасы екі тоннадан ғана көмір сатып ала алады.
Президент Садыр Жапаров 15 қарашада Бішкектің Жылу электр орталығы-2 компаниясы жанында тұрғындармен кездескен кезде, үкімет Кара-Кече кенінен қазылған көмірді 3000 сомнан сататынын мәлімдеген.
Өлкеде суық түскеннен отынның бағасы қымбаттаған. Соған қарамастан тапшылық байқалады.
Ресми мәліметке қарағанда, қараша айында Қырғызстанда көмірдің бір тоннасы 5 942,9 сомды құрап, қазан айымен салыстырғанда 14,7 пайызға қымбаттаған.
Көмір Ош облысының Ноокат ауданында ең қымбат сатылып жатыр, бір тоннасы 10 мың сом. Ал Баткенде 9 344,7 сом болса, Исфанада 8 746,4 сомнан сатылып жатыр.