Ссылки доступа

Өзбекстанда ішкі істер министріне шағымданған инспектор ұсталды


Сардорбек Отабаев

Наманган милициясының бұрынғы инспекторы Сардорбек Отабаев Өзбекстан ішкі істер министріне видеоүндеу жолдап, жүйедегі заңсыздықтар мен әділетсіздік туралы шағымданған. Содан кейін оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдинов Telegram-арнасында хабарлады.

Прокуратура өкілінің айтуынша, инспектордың үстінен "алаяқтық" және "қызметтегі арандату" айыптары негізінде іс қозғалған.

Күдіктіге түрлі сылтаулармен тергеуге келмегені үшін сырттай айып тағылып, 13 қарашада оны ұстау туралы шешім шығарылған. Келесі күні инспектор ұсталды. Қазір ол тергеліп жатыр.

Бұрынғы инспектор Сардорбек Отабаев ІІМ басшысына жолдаған видеоүндеуінде Наманган қалалық ішкі істер басқармасындағы заңсыздықтар мен әділетсіздіктер туралы баяндаған.

Бұның алдында намангандық блогерлер Отабаевтың із-түссіз жоғалып кеткенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG