Омбудсмен аппаратының 17 қарашада Азаттық радиосы қырғыз қызметіне хабарлауынша, ресми хат Тәжікстан сыртқы істер минстрлігі мен омбудсменіне 11 қарашада жолданған.
Еске салайық, 44 жастағы Саидакмат Артыков 16 қыркүйекте "мемлекет шекарасын заңсыз кесіп өтті" деген күдікпен ұсталды. Қазір ол Худжант қаласындағы тергеу изоляторында отыр. Күдіктінің туыстарының айтуынша, қырғыз азаматы азапталып, екі мәрте ауруханаға түскен. Оның әйелі мен бес баласы қырғыз билігінен араша сұрады.
Бір апта бұрын қамаудағы азаматтың туыстары Қырғызстан үкіметі үйінің алдында пикет өткізді. Сол кезде олармен үкімет басшысы төрағасының орынбасары Эдил Байсалов кездесіп, мәліметті құзырлы органдарға жеткізуге, қамаудағы қырғыз азаматына көмектесуге уәде берген.