Ссылки доступа

"Өзбекмұнайгаз" жаңа жылдан бастап АИ-80 бензинін шығармайды


"Өзбекмұнайгаз" акционерлік қоғамы 2022 жылдан бастап АИ-80 маркалы бензин өндірісін тоқтатады.

Компанияның мұнай өңдеу жөніндегі департаментінің директоры Хушнуджон Махмуджанов 16 қараша Ташкентте өткен баспасөз конференциясында осылай деп хабарлады.

Оның айтуынша, "Өзбекмұнайгаздың" АИ-80 бензинін өндіруге қатысты стратегиясы бар.

"Біз AI-80 бензинінен біртіндеп бас тартуды көздеп отырмыз, келесі жылдан бастап оның сапасы артады", - деді Махмуджанов.

Компания АИ-80 бензинінен бас тартатыны туралы былтыр жазда мәлім болған, бірақ өндірістің қашан тоқтайтыны хабарланбаған.

АИ-80 бензині арзан жанармай ретінде үлкен сұранысқа ие. Ресми мәлімет бойынша, бензиннің бұл маркасы 6800 сумнан (шашамен 63 цент) сатылып жатыр.

XS
SM
MD
LG