Ссылки доступа

Өзбекстанда ағылшын тілін білетіндер деңгейі "өте төмен"


EF English Proficiency Index ағылшын тілін қаншалықты меңгерген елдердің рейтінгісін түзген. Өзбекстан 122 мемлекеттің ішінде 88-орында тұр.

Рейтінгіге қарағанда, Өзбекстан Албания мен Сирия елдерінің ортасында тұр.

Рейтинг халықтың ағылшын тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты 5 категорияға («өте жоғары», «жоғары», «орташа», «төмен», «өте төмен») бөлінген.

Тізімнің ең басында Нидерланд, Австрия, Дания, Сингапур және Норвегия секілді елдер тұр. Тізімнің ең соңында Ливия, Руанда, Конго, Оңтүстік Судан және Йемен орналасқан.

Орталық Азия елдері ішінде Қазақстан - 96, Қырғызстан - 101, Тәжікстан - 103 орынға шыққан. Түркіменстан тізімге кірмеген.

Ағылшын тілін білу деңгейін зерттеу 30 жастан асқан адамдар арасында жүргізілген.

XS
SM
MD
LG