Ссылки доступа

Мәскеу мэрі құрылыстағы мигранттарды "басқа сападағы адамдармен" алмастыруды тапсырды


Мәскеу мэрі Сергей Собянин құрылыстағы шетелдік жұмысшыларды "басқа сападағы адамдар" реновация бағдарламасы бойынша алмастыруды тапсырды.

"Москва" агенттігі хабарлағандай, ол мигранттардың орнына Ресейдің аймақтарынан адамдарды тартуды ұсынған. Бірақ статистика бойынша Ресейде жұмыс күші жеткіліксіз.

"Басқа еңбекақымен, басқа сападағы адамдар керек. Мигранттар бізде онсыз да көп", - дейді Собянин.

Мәскеу мэрі бұл туралы 17 қарашада орталық қаладағы жаңа көп қабатты үйлердің құрылысымен танысып жүрген кезде айтқан.

Құрылыс компаниясының жетекшісі кәсіби жұмысшылар бұл нысанда 120-150 мың айлық алатынын жеткізді. Оған Собянин "бұл айлық мигранттар үшін емес, мәскеуліктер үшін" деп жауап қайтарды.

1 қарашада қала салу саясаты және құрылыс мәселелері бойынша вице-мэр Андрей Бочкарев Мәскеу әкімдігі құрылыстарда істейтін шетелдік жұмысшылардан бас тартуды жоспарлап жатқанын айтқан.

Қыркүйекте Мәскеу билігі қалада 200 мыңға тарта жұмыс күші жетіспейтінін алға тартқан. Оған дейін Сергей Собянин еңбек мигранттарының кетуі инфляцияның өсуіне әсер етіп жатқанын жеткізген. Ол былтыр коронавирустық шектеулерге байланысты құрылыстың көбі тоқтап қалған.

XS
SM
MD
LG