Азаттықтың түркімен қызметінің дереккөзі хабарлағандай, өлкенің басқа аймақтарында дәл осындай 22 жағдай тіркелген. Ол бұл шараны президент Гурбангулы Бердімұхамедовті сынаған материалдардың таралып кетуіне жол бермеу әрекеті дейді.
Түркіменстанда соңғы күндері әлеуметтік желілерде бақылау күшейіп, интернетке шектеу енгізген. Өлкеде Facebook, Instagram, Twitter бұғатталған. Оларға VPN серверлердің көмегімен ғана кіруге болады. Билік VPN серверлерді қолданғандарды және оны азаматтарға орнатып бергендерді де қудалап жатыр.
Осыған дейін Ашғабадта жоғары оқу орындарының оқытушыларынан әлеуметтік желіге кірмеу жөнінде қолхат алынған.
Тамызда Азаттықтың түркімен қызметі билік азаматтардан VPN-сервистердің қызметін қолданбау жөнінде Құранға ант беруді талап етіп жатқанын жазған.