Ссылки доступа

Ресейде Бішкектің өтініші бойынша тағы бір тәжік азаматы ұсталды


Комилджон Юлдошев
Комилджон Юлдошев

Тәжікстанның Исфара қаласының тұрғыны Комилжон Юлдошев Бішкектің сұрауы бойынша Мәскеуде ұсталды. Бұл туралы Озоди радиосына Юлдошевтың туыстары хабарлады.

Қамалған азаматтардың туғаны Осимжон Юлдошевтың сөзінше, 29 жастағы Комилжон 16 қарашада Мәскеудің "Домодедово" әуежайынан ұшып келген сәтте ұсталған.

"Оған Қырғызстанның өтініші бойынша іздеу жарияланғанын айтқан. Енді оған прокурор келіп, бөгет шарасын анықтауы керек", - деді Осимжон Юлдошев.

Тәжікстанның және Ресейдің билік өкілдері Комилжонның ұсталуы бойынша түсініктеме бермеді.

Комилжон Юлдошев Қырғызстанмен шектесетін Тәжікстанның Сурх ауылында туып-өскен. Туыстарының сөздеріне қарағанда, Қырғызстан Юлдошевты шекарада болған қақтығысқа қатысы бар деп айыптап жатыр. Бішкек әзірге бұл бойынша пікір бермеді.

Осы айдың басында Ресейде Қырғызстанның өтініші бойынша ұсталған тәжік және орыс азаматы Диловар Жураев қолхат беріп қамаудан шыққан.

XS
SM
MD
LG