Ссылки доступа

Бішкек шетіндегі тұрғындар жарықтың сөндірілуіне наразылық білдіріп жолды жапты


Бішкек шетіндегі жаңадан салынған "Алтын қазық" тұрғын үй кешенінің тұрғындары электр энергиясының сөнуіне наразылық білдірдіп, айналма жолды жапқан.

Шу облысы ішкі істер басқармасының хабарлауынша, жолды жапқаны туралы хабар 17 қарашада кешкі сағат 18:00-да жеткен.

Оқиға орнына милиция қызметкерлері барып, тұрғындармен түсіндіру жұмысын жүргізген. Қазір жолды құқық қорғау органдары күзетіп тұр.

Әлеуметтік желіде адамдардың үлкен жолда көліктерді өткізбей тұрғаны түсірілген видео тарап жатыр.

XS
SM
MD
LG