Ссылки доступа

Душанбеде суицид жасамақ болған жас келіншек құтқарылды (видео)


Душанбеде суицид жасамақ болған 27 жастағы келіншек құтқарылды: ол 15 қабаттан секіріп кетпек болған.

Тәжікстанның Төтенше жағдайлар комитеті хабарлағандай, оқиға 15 қарашада болған. Психолог келіншекпен сөйлесіп тұрғанда, 16 қабаттан арқанмен түскен құтқарушылар әйелді пәтердің ішінен тартып алып үлгерген.

"Әйелдің жасы 27-де, екі баласы бар. Ол жолдасымен ұрысқаннан кейін өмірімен қош айтысамын деп шешкен", - дейді комитеттің баспасөз хатшысы Умеда Юсуфи.

Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанда жылдың басынан бері 200-дей адам құтқарылған.

Тәжікстан үкіметі жанындағы Әйелдер ісі және отбасы жөніндегі комитет былтыр 600-дан астам адам өз өмірін қиюға әрекет жасағанын хабарлады.

В Душанбе спасатели предотвратили попытку суицида молодой женщины
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:14 0:00

XS
SM
MD
LG