Ссылки доступа

Өзбекстанда бұрынғы ісі күмәнді шенеунік денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды


Источники «Озодлика» утверждали, что в 2011 году Бехзод Мусаев бежал в США и получил там политическое убежище.
Источники «Озодлика» утверждали, что в 2011 году Бехзод Мусаев бежал в США и получил там политическое убежище.

Әлеуметтік желі қолданушылары Өзбекстан премьер-министрінің бұрынғы орынбасары, салық комитетінің бұрынғы төрағасы Бехзод Мұсаевтың денсаулық сақтау министрі болып тағайындалуын сынады.

Денсаулық сақтау министрлігіндегі дереккөздің айтуынша, Мұсаев министрлікке өз адамдарын жинап, облыстардағы басқармаларға жақындарын тағайындауы мүмкін.

Әлеуметтік желі қолданушылары коронавирус пандемиясы кезінде денсаулық сақтау саласына медициналық білімі жоқ, бұрынғы салықшының басшы болып келуін сынады.

Олардың кейбірі Мұсаевты премьер-министр Абдулла Әріповтің "есепшісі" және Өзбекстанның жоғары билігіндегі жемқорлық жүйесінің маңызды бір мүшесі деп есептейді.

48 жастағы Бехзод Мұсаевтың мансабы жылдам өсіп келеді.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігіндегі дереккөздің айтуынша, былтыр қазанда министр қызметіне Абдухаким Қажыбаев тағайындалғанда, министрлікте қаржыға қатысты басты шешімдерді Бехзод Мұсаев қабылдаған.

Дереккөздер жас шенеунікті премьер-министр Абдулла Әріповтің өзі қолдап отыр деп есептейді.

Азаттық радиосының өзбек қызметі - "Озодлик" зерттеуінде билікке жақын олигархтар мен шенеуніктер үкіметтің коронавирус пандемиясына қарсы күресіне бөлінген қаражаттан түрлы әдістермен 80 трлн сум ($8 млрд) ұрлағаны айтылған.

Дереккөздер оған Бехзод Мұсаевтың да қатысы бар деп топшылаған.

– Мұсаевты "Әріповтің кассирі" деп атайды. Мұсаевты ІІМ іздеуге берген, оған ақша жымқырды деген айып тағылған. Оның Америкаға қашып, сонда босқын мәртебесін алғаны туралы да айтылды. Бірақ Әріпов премьер-министр болып тағайындалған соң, Мұсаевты кері қайтарған. Оның үстінен қозғалған қылмыстық істердің бәрі тоқтаған. Енді оны денсаулық сақтау министрі етіп тағайындады. Ұзынқұлақтан жеткен сыбыстарға қарағанда, биыл қыста елде коронавирус пандемиясы күшейеді. Тағы ақша бөлінеді. Жыл басында аударылған қаражат таусылып қалды, оның үстінен тағы бір жарым триллион бөлінді. Тағы бөледі деген әңгіме бар, - дейді дереккөз.

Президент Шавкат Мирзияев Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігін ең жемқор мекеме деп атаған. Кезінде мемлекет басшысы министрлік миллиондаған долларды талан-таражға салды деп ашық мәлімдеген.

Мирзияев билікке келгелі бұл министрліктің басшысы бес мәрте ауысты.

XS
SM
MD
LG