Ссылки доступа

Өзбек атлеті Гуам аралында вакцина жөнінде дауласқан дәрігерді пышақтап өлтірді


Өзбекстан азаматы Акмал Ходжиев дәрігер Миран Рибатиді өлтірді деген күдікпен ұсталды. Ол Гуам аралында Ресей атынан ММА жарыстарына қатысып жүрген.

27 жастағы Акмал Ходжиев дәрігер Миран Рибатимен жақын араласқан. 7 қарашада Рибати өзбек атлетінің үйіне барған. Ходжиевтің үйінде анасы мен әпкесі болған. Атлет пен дәрігер COVID-19-ға қарсы вакцина жөнінде дауласып қалған.

Әлеуметтік желілерде вакцинаға қарсы екенін ашық айтып, желі қолданушыларын оны салдырмауға үндеп жүрген Ходжиев жанжал кезінде дәрігерді тұншықтыра бастаған. Одан соң атлет үстел үстіндегі сүйекті алып, дәрігердің мойнынан бірнеше мәрте ұрған. Ходжиевке әйелдер араша түсуге тырысқан, бірақ өзбек атлеті дәрігерге бірнеше мәрте пышақ сұққан.

Ходжиев полицияға қарсылықсыз берілді, Рибатиді өлтіргенін мойындады.

Акмал Ходжиев Самарқанда туған, кейін Санкт-Петербургке көшкен. Соңғы үш жылда америкалық Гуам аралында тұрған.

Ходжиев ММА жарыстарында төрт жекпе-жек өткізіп, үш мәрте жеңген, бір мәрте жеңілген.

XS
SM
MD
LG