Ссылки доступа

АҚШ Душанбені дін еркіндігін шектеді деп тағы айыптады


АҚШ Душанбені діни наным-сенім еркіндігін шектеді деп тағы сынады. АҚШ мемлекеттік департаментінің әлем елдеріндегі дін еркіндігі жөніндегі есебі 17 қарашада жарияланды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 17 қарашада Тәжікстанды "алаңдатып отырған мемлекеттер тізіміне" қосқанын мәлімдеді. Бұл тізімде Бирма, Қытай, Иран, Пәкістан, Ресей және Сауд Арабиясы да бар. Блинкеннің айтуынша, осы елдердің үкіметтері дін еркіндігін үнемі шектеп келеді.

Тәжікстан билігі америкалық жоғары лауазым иесінің мәлімдемесіне әзірге жауап бермеді, бірақ бұған дейінгі сындарын "әділетсіз әрі жалған" деп бағалаған.

Құрама Штаттар "Аш-Шабаб", "Боко Харам", "Хаят Тахрир аш-Шам", хуситтер, "Ислам мемлекеті", "Жамаат Наср әл-Ислам вәл-Муслимин" және "Талибан" ұйымдарын "ерекше алаңдататын субъектілерге" жатқызған. Тәліптер биыл тамызда Ауғанстанда билікке келді.

"Құрама Штаттар дін еркіндігін қорғау міндетінен бас тартпайды", - деп мәлімдеді Блинкен.

XS
SM
MD
LG