Бұл туралы "Северэлектро" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Бұның алдында ауыл тұрғындары айналма жолды жауып, биліктен жарық беруді талап еткен.
"Северэлектро" мәліметіне қарағанда, "Алтын-Қазықта" жарық 16 қарашада үзілген. Ауылда трансформатор орнатылмағандықтан, "Северэлектро" Келдібекова есімді азаматпен "Бір топ тұрғын" абоненті ретінде келісім-шартқа отырған
Бірақ бұл абоненттің қарызы 301 527 сом болған.
17 қарашада кешке Бішкек шетіндегі Теңдік ауылы мен "Алтын-Қазық" елді мекенінің тұрғындары айналма жолды жапты. Әлеуметтік желілерде тұрғындардың автокөліктерді өткізбей тұрғаны бейнеленген видеолар жарияланды.
Облыстық милицияның хабарлауынша, келіссөздер мен түсіндіру жұмыстарынан соң тұрғындар жолды ашуға келіскен.