Ссылки доступа

БҰҰ: Ауғанстанда апиын өндіріс сегіз пайызға артты


2021 жылы Ауғанстанда апиын өндірісі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда сегіз пайызға артып, 6,8 мың тонна болған. Бұл туралы БҰҰ-ның есірткі және қылмыспен күрес жөніндегі басқармасы 16 қарашада жариялаған баяндамасында хабарлады.

БҰҰ мәліметінше, Ауғанстан әлемдегі тұтынушылардың 80 пайызын апиынмен қамтамасыз етіп отыр.

Ұйым дерегіне сүйенсек, биыл ел ішінде апиын өндірісінен түскен табыс 1,8-2,7 миллиард доллар болған, бірақ оны шетелде сатушылар көп пайда тапқан. БҰҰ мәліметінше, апиын саудасы елдің жалпы ішкі өнімінің 10 пайызын құрауы мүмкін.

Баяндамада Ауғанстандағы саяси тұрақсыздықтан апиын қымбаттағаны айтылған. Оның бағасы шамамен екі есе өскен.

Ауған басылымдарының хабарлауынша, Қандағар провинциясындағы шаруалар амалсыз апиын егуге мәжбүр болды. "Жұмыс жоқ, қарыз көбейді, апиынға ғана үміт артып отырмыз", - дейді жергілікті шаруа ToloNews басылымына.

Ауғанстан апиын өндірісі жөнінен әлемде бірінші орында тұр. Әлемде өндірілетін апиынның 90 пайызы осы елдің үлесіне тиесілі.

XS
SM
MD
LG