Ссылки доступа

Ресейде Бішкектің өтініші бойынша ұсталған тәжік азаматы босатылды


Комилджон Юлдошев
Комилджон Юлдошев

Ресейдің құқық қорғау органдары Қырғызстанның өтініші бойынша ұсталған тәжік азаматы Комилжон Юлдошевты босатты. Бұл туралы оның жақындары хабарлады.

17 қарашада Тәжікстанның Мәскеудегі елшілігі Юлдошевтың қамалуы бойынша Домодедово әуежайындағы құқық қорғау органдарына қайрылып, істің мән-жайы толық анықталғанша босатуды сұраған.

Тәжікстанның Исфара қаласының тұрғыны Комилжон Юлдошев 16 қарашада Мәскеудегі Домодедово әуежайында ұсталып, оған Қырғызстан өтініші бойынша іздеу жарияланғанын айтқан.

Юлдошев Қырғызстанмен шектесетін Тәжікстанның Сурх ауылында туып-өскен. Туыстарының айтуынша, Қырғызстан оны шекарадағы қақтығысқа қатысты деп айыптап жатыр.

Осы айдың басында Қырғызстан өтініші бойынша Ресейде ұсталған тағы бір тәжік азаматы Диловар Жураев 16 қарашада босатылған. Бішкек оны шекарадағы жанжалда тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп айыптап жатыр.

XS
SM
MD
LG