Сенаторлар Дик Дурбин, Патрик Лихи, Шеррод Браун және Өкілдер палатасының мүшесі Том Малиновский қол қойған хатта қамаудағы журналист Нүргелді Халыковты, дәрігер Хурсанай Исматуллаевты және белсенді Гүлгелді Аннаниязовты босатуға шақырғаны жазылған.
"Түркіменстан сіздің басқаруыңызда халықаралық институттарға қосылу, оның ішінде Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үшін, сонымен бірге әлем назарын өз экономикасына бұру үшін өте амбициялы бағдарламаларды әзірлеп жатыр. Бірақ бұл елде адам құқықтарының сақталуына көңіл бөлумен мақұлданады",- деп жазылған хатта.
Бердімұхамедов билікте 2006 жылы, бұрынғы президент Сапармұрат Ниязов қаза болғаннан кейін келген. Ол билікті сынағандарды қуғындап, Орталық Азиядағы жабық елді өте қатал түрде басқарып келеді.