Ссылки доступа

49 күннен бері аштық жариялап жатқан Михаил Саакашвили есін жоғалтты


Грузияның бұрынғы президенті, 49 күннен бері аштық жариялап келе жатқан Михаил Саакашвили адвокаттарымен кездескеннен кейін есін жоғалтқан. Бұл жайында адвокаты Бека Басилая "Эхо Кавказа" радиосының тілшісіне хабарлаған.

Басилаяның сөзінше, саясаткерді тергеу абақтысындағы ауруханадағы бөлмеден алып кеткен. Кейін ол Саакашвили өзіне келгенін айтып, "медициналық тұрғыдан баға бере алмаймын, бірақ жағдайы өте ауыр болды" деген.

Экс-президент 1 қазаннан бері аштық жариялап жатыр. Ол өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істерді жабуды талап етеді. Енді қазір өзін кәдімгі ауруханаға ауыстыруын сұрап жатыр.

Грузияда екі қылмыстық іс бойынша сырттай сотталған экс-президент 29 қыркүйекте Грузияға оралған сәтте ұсталған. Оған президент болып тұрғанда, қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылды. Қазір оның үстінен тағы бір іс қозғалды.

Оппозиция Саакашвили саяси жүйемен қуғындалып жатқанын айтып, бірнеше депутат оны қолдап аштық жариялаған.

Еуроодақтың бірқатар заң шығарушылары Латвия және Украинаның бұрынғы президенттері грузин билігін Саакашвилиді бостандыққа шығаруды талап етті.

Саясаткерді босату үшін грузин президенті оған рақымшылық жасауы тиіс. Бірақ Саломе Зурабишвили ондайға бармайтынын айтып келеді.

XS
SM
MD
LG