Ссылки доступа

Қырғызстанның үш облысында босқын қабылдау оқулары өтіп жатыр


Қырғызстанда босқын қабылдау, орналастыру және керек заттармен қамтамасыз етуді пысықтау оқулары басталды. Республиканың төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің хабарлауынша, азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесі 3 мыңнан астам босқын қабылдау жұмысын пысықтады.

Оқулар 19-20 қарашада өтеді. Жалал-Абад, Баткен және Ош облыстарында лагерлер тігіледі. Мұнда босқындарды күтіп алу мен орналастыру жұмыстарын үйретеді.

Оқуларға үш облыстың басшылары, министрліктер мен азаматтық қорғаныс қызметінің өкілдері қатысады.

Қырғызстан БҰҰ-ның босқын мәртебесі жөніндегі конвенциясына 1996 жылы қосылған.

Қырғыз үкіметі Тәжікстанмен шекарасын ашқанда елге Ауғанстаннан 1 мыңнан астам босқын келуі мүмкін деп болжап отыр.

Қырғызстан тәуелсіздік алған жылдары республика 20 мыңнан астам адамға босқын мәртебесін берді. Олардың дені - этникалық қырғыздар. 10 мыңға жуық босқын қырғыз азаматтығын алса, көбісі елге қайтқан. 1500 босқын Қырғызстаннан үшінші бір елге кеткен.

XS
SM
MD
LG