Ресейдің ішкі істер министрлігі осындай жарлық жобасын дайындады. Құжаттар 30 күн ішінде өткізілуі тиіс.
Кәмелет жасқа толмаған шетел азаматтарының құжаттарын ата-аналардың бірі тапсырады.
Құжаттар шет тілінде толтырылса, оларды орыс тіліне аударып, нотариуста бекіту керек.
Мигрант бұл құжаттардың электронды нұсқасын жолдай алады.
1 қазанда Ресейде заңсыз мигранттарды елден депортациялауға жарияланған мораторий аяқталды. Одан соң мұндай жеңілдік мерзімі 2021 жылдың 30 желтоқсанына дейін созылғаны хабарланды.